Panasonic TXPR54Z11 Bedienungsanleitung

Seite von 72
6
Техникалық қызмет көрсету
Қосымша керек жарақтар
Алдымен, шнурдың ашасын розеткадан ажыратыңыз.
Диплей панелі
Үнемі қадағалап отырыңыз: Бетін кірден жұмсақ шүберекпен ақырын тазалап сүртіңіз.
Қатты кірлеген: Таза сумен немесе еріген бейтарап тазалағыш құралмен (тазалағыш құралдың 1 бөлігі 100 
бөлік суға) суланған жұмсақ шүберекпен бетін тазалап сүртіңіз. Содан кейін беті құрғағанша, оны жұмсақ 
құрғақ шүберекпен тазалап сүртіңіз. 
Сақтаныңыз
Дисплей панелінің бетіне арнайы арнайы күтім керек жəне тез зақымдалуы мүмкін.
 
Бетін тырнағыңызбен немесе басқа қатты затпен түртпеңіз немесе сызбаңыз.
Бетіне жəндік жолатпайтын құрал, ерітінді немесе басқа ұшатын заттарды жақындатпаңыз (ол бетінің 
 
сапасын төмендетуі мүмкін).
Корпус, Негіз, Тюнер қондырмасы
Үнемі қадағалап отырыңыз: Бетін жұмсақ шүберекпен тазалап сүртіңіз.
Қатты кірлеген: Жұмсақ шүберекті таза сумен немесе бейтарап тазалағыш құралдың аз мөлшері бар сумен 
сулаңыз. Содан кейін шүберекті сығып, онымен бетін тазалап сүртіңіз. Соңында, бетін құрғақ шүберекпен 
тазалап сүртіңіз.
Сақтаныңыз
Құрылғының беттерінде тазалағыш құралдың қолданылуына жол бермеңіз. (Сұйықтық құрылғының ішіне 
 
кіріп кетсе, өнім жұмыс істемей қалуы мүмкін.)
Бетіне жəндік жолатпайтын құрал, ерітінді немесе басқа ұшатын заттарды жақындатпаңыз (ол бетін 
 
зақымдап, бояуын алып түсуі мүмкін).
Корпусы мен негізіне резеңке немесе поливинхлоридті заттың ұзақ уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз.
 
Шнур ашасы
Шнурдың ашасын құрғақ шүберекпен уақытылы сүртіп тұрыңыз. (Дымқыл мен шаң өрттің шығуына немесе 
ток соғуға себеп болуы мүмкін.)
Қосымша керек 
жарақтар
Қабырғаға ілетін кронштейн
TY-WK5P1SW
 
Ұсынылған қабырғаға ілетін кронштейнді сатып алу үшін жергілікті 
Panasonic дилеріңізге хабарласыңыз. Қосымша мəліметтер үшін, қабырғаға 
ілетін кронштейннің орнатым нұсқасын қараңыз.
Дисплей құрылғысының артқы жағы
Қабырғаға ілетін кронштейн 
орнатымына арналған тесіктер
a
b
TX-PR46Z11
 
a: 472 мм / b: 300 мм
TX-PR54Z11
 
a: 516 мм / b: 300 мм
Сақтаныңыз
Жабдықтың өнімділігін жəне қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ұсынылған қабырғаға ілетін кронштейнді 
 
сатып алу үшін жергілікті дилеріңізге хабарласыңыз.
Қосымша керек-жарақтарды орнатуға байланысты нұсқауларды мұқият оқыңыз жəне дисплей 
 
құрылғысының құлап кетпеуі үшін шаралар қолданыңыз.
Дисплей құрылғысын орнату кезінде оны дұрыс тасымалдаңыз, себебі соққы немесе басқа əрекеттер 
 
жабдықтың зақымдануына əкеп соғады.
Кронштейндерді абайлап бекітіңіз. Əрдайым кронштейнді бекітпестен бұрын қабырғада электр 
 
сымдары немесе толқындары жоқ екенін тексеріңіз.
Жарақаттану жəне құлаудың алдын алу үшін дисплей құрылғысын ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын 
 
болсаңыз, оны тұғырдан шешіп алыңыз.