Philips DCM2260/12 Benutzerhandbuch

Seite von 24
3
KK
•  Диск бөліктерінің ішінен дискінің 
оптикалық линзаларына қолыңызды 
тигізбеңіз.
•  Өнімді немесе басқа заттарды 
қуат сымдарының немесе электр 
жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
•  Өнім 5 °C градустан төмен 
температурада тасымалданған болса, оны 
қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға 
жалғамай тұрып, бөлме температурасына 
дейін жылынуын күтіңіз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
•  Бұл өнімді тар жерде орнатуға 
болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің 
айналасында міндетті түрде кемінде 10 
сантиметр орын қалдырыңыз. 
•  Өнімдегі желдеткіш тесіктердің 
перделермен немесе басқа заттармен 
жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Ластану қаупі!
•  Батареяның заряды таусылған немесе 
қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт 
пайдаланылмайтын болса, батареяны 
шығарыңыз.
•  Ішінде химиялық заттар бар болғандықтан, 
батареяларды дұрыс тастау керек.
Абайлаңыз
 
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз. 
 
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
 
Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне 
қоюшы болмаңыз.
 
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін жерлерден, 
ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз. 
 
Бұл құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан қарамаңыз.
 
Бұл құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат 
сымына, штепсельге немесе адаптерге әрдайым 
оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
Есту қауіпсіздігі
  
Орташа дыбыс деңгейінде тыңдаңыз.
•  Құлақаспаптарды жоғары дыбыс 
деңгейінде пайдалану есту қабілетіңізді 
нашарлатады. Бұл өнім дыбыстарды 
бір минуттан аз тыңдаған қалыпты 
адамның есту қабілетінің жоғалуына 
себеп болатын децибелдің ауқымда 
шығарады. Жоғары децибелдік ауқымдар 
есту қабілеті бұрыннан нашар адамдарға 
ұсынылады.
•  Дыбыс алдамшы болуы мүмкін. Уақыт 
өткен сайын естуге «қолайлы деңгейіңіз» 
жоғары дыбыс деңгейіне бейімделеді. 
Ұзақ уақыт тыңдағаннан кейін 
«қалыпты» дыбыстар қатты естілуі және 
есту органдарыңызға зиянды болады. 
Бұдан қорғану үшін есту органыңыз 
бейімделместен бұрын дыбыс деңгейін 
қауіпсіз деңгейге орнатып, солай 
қалдырыңыз.
Қауіпсіз дыбыс деңгейін орнату үшін:
•  Дыбыс деңгейін реттегішті төмен 
параметрге орнатыңыз. 
•  Дыбысты жақсы және бұрмаланусыз 
анық естігенге дейін баяулап көбейтіңіз.
Бірқалыпты уақыт аралығында тыңдаңыз:
•  Дыбысты ұзақ уақыт, тіпті «қауіпсіз» 
деңгейде тыңдау, есту қабілетінің 
жоғалуына себеп болады.
•  Жабдықты бірқалыпты пайдаланыңыз 
және тиісті үзілістер жасаңыз.
Құлақаспап пайдаланған кезде төмендегі 
нұсқауларды орындаңыз.
•  Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы 
уақыт аралығында тыңдаңыз.
•  Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен 
дыбыс деңгейін реттемеңіз.
•  Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз, 
айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
•  Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият 
болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
Ескертпе
 
Түр тақтасы өнімнің артқы жағында орналасқан.