Philips SCD470 User Manual

Page of 104
кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips AVENT компаниясына қош келдіңіз! 
Philips AVENT ұсынатын қолдауды толығымен қолдану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome 
сайтында тіркеңіз.
Philips AVENT компаниясы ата-аналарға қажетті сенімділік беретін ұқыпты әрі сенімді өнімдер 
жасауға барынша тырысады. Бұл Philips AVENT нәресте мониторы нәрестеңізбен тұрақты 
байланыста болуыңызға мүмкіндік береді. 2 арнаны таңдау кедергіні азайтып, үйіңіздің ішінде 
және айналасында сигналдарды сенімді қабылдауды қамтамасыз етеді.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a  Нәресте бөлігі
1  Сөйлету түймесі
2  Тоққа қосылулы деген жарық
3  Хабарлау көрсеткіші
4  Кішкене шанышқыға арналған розетка
5  Микрофон
6  Батарея орнының қақпағы
7  Арна таңдау түймесі
8  Қосу/өшіру түймесі
9  Адаптер
B  Ата-аналар бөлігі
1  Адаптер
2  Тоққа қосылулы деген жарық
3  Кішкене шанышқыға арналған розетка
4  Дауысын бақылауға болатын қосу/өшіру түймесі
5  Дауыс зорайтқыш
6  Батарея орнының қақпағы
7  Белдік қыстырғышы
8  Арна таңдау түймесі
9  Батарея орны қақпағының ысырмасы
Маңызды
Құрылғыны қолданар алдында, осы нұсқауды ықыласпен оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдану 
үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті
Нәресте мониторының ешқандай бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға 
болмайды.
Ескерту
Құрылғыны қосар алдында нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігіндегі адаптерлерде 
көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
Нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігін ток көзіне қосу үшін жинақта берілген адаптерлерді 
ғана қолданыңыз.
Адаптерлерде трансформатор болады. Қауіпті жағдай туғызатындықтан, адаптерлерді 
кесіп алып тастап, басқа ашалармен алмастырмаңыз.
Егер адаптерлер бүлінген болса, қауіпті жағдайдың тууына жол бермеу үшін оларды 
түпнұсқа түрімен алмастырыңыз. Дұрыс түрін табу үшін «Алмастыру» тармағын қараңыз.
Нәресте мониторын дымқыл немесе суға жақын жерге қоймаңыз.
Электр тогының соғуына жол бермеу үшін батареялар бөлімінен басқа, нәресте бөлігі мен 
ата-аналар бөлігінің корпусын ашпаңыз.
-
-
-
-
-
-
-
ҚазаҚша