Philips 22PFH4109/88 User Manual

Page of 74
Таңдаулы арналар
Арналарды таңдаулы арналар ретінде белгілеуге болады.
Таңдаулы жерсерік арналары жерсерік арналары тізімінің 
Favourites (Таңдаулылар) тізімінде жинақталады.
Таңдаулы арналарды көру
 
 
Көргіңіз келетін арналар арасында оңай ауысу үшін таңдаулы
арналар тізімін орнатыңыз. Тек осы тізімде арналардың ретін
қалауыңызға сай өзгертуге болады.
 + және  - арқылы тек таңдаулы арналар арасында
ауысу үшін арналар тізіміндегі Favourites (Таңдаулылар) тізімін
таңдаңыз және арналар тізімін қайтадан жабыңыз.
Екі таңдаулы тізім бар, біреуі теледидар арналары үшін, ал
екіншісі жерсерік арналары үшін.
Таңдаулылар тізімін орнату
Таңдаулы арналар тізімін құрастыру...
1. Арнаны көру кезінде арналар тізімін ашу үшін 
 LIST
(ТІЗІМ) түймесін басыңыз.
2. 
Favourites (Таңдаулылар) тізімін таңдаңыз.
3. Теледидар арналарды бірден қосуды бастауды сұрайды. 
OK түймесін басыңыз. Кейінірек көп рет ретті өзгертуді
болдырмау үшін арналарды тізімде болуы қажет ретпен
таңдаңыз.
4. Арнаны Favourites (Таңдаулылар) тізіміне қосу үшін арнаны
таңдап, 
OK түймесін басыңыз. Одан кейін таңдаулы ретінде
қосу үшін басқа арнаны таңдауыңызға болады.
5. Аяқтау үшін 
 түймесін басыңыз.
Таңдаулы арналарды қосу немесе жою
Таңдаулылар тізімін қосу немесе жою...
1. Теледидар арнасын көріп отырған кезде арналар тізімін
ашу үшін 
 LIST (ТІЗІМ) түймесін басыңыз.
2. Таңдаулы ретінде белгілейтін арнаны
таңдап, 
 OPTIONS (ОПЦИЯЛАР) пернесін басыңыз.
3. 
Add favourites (Таңдаулыларды қосу) пәрменін
таңдап, 
OK түймесін басыңыз. Таңдалған арна 
 деп
белгіленеді.
4. Аяқтау үшін 
 түймесін басыңыз. Арналар таңдаулылар
тізіміне қосылады.
Арнаны таңдаулылар тізімінен жою үшін 
Remove favourites
(Таңдаулыларды жою) пәрменін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Таңдаулы арналардың ретін өзгерту
Арналарды тек «Таңдаулылар» тізімінде қайта реттеуге
болады.
1. Favourites (Таңдаулылар) тізімінде 
All (Барлығы), орнын
өзгерту керек арнаны бөлектеңіз.
2. 
 OPTIONS (ОПЦИЯЛАР) түймесін басыңыз.
3. 
Reorder (Ретін өзгерту) опциясын таңдап, OK пернесін
басыңыз.
4. Ретін өзгерту керек арнаны таңдап, 
OK пернесін басыңыз.
5. Бөлектелген арнаны 
Шарлау пернелерін басып басқа
орынға жылжытып, 
OK пернесін басыңыз.
6. Аяқтағаннан кейін 
 OPTIONS (ОПЦИЯЛАР) түймесін
басыңыз. 
7. 
Exit reorder (Ретін өзгертуден шығу) опциясын
таңдап, 
OK пернесін басыңыз.
 
7.4
Жерсерік арналарын құлыптау
Арнаны құлыптау
Балалардың көруін болдырмау үшін арнаны құлыптауға
болады. Құлыпталған арнаны көру үшін бала құлпы кодын
енгізу керек. Қосылған құрылғылардан бағдарламаларды
құлыптау мүмкін емес.
Арнаны құлыптау...
1. Теледидар арнасын көріп отырған кезде 
 LIST
(ТІЗІМ) түймесін басып, 
Channel list (Арналар тізімі)
тармағын ашыңыз.
2. Кез келген тізімде құлыптау керек арнаны таңдаңыз.
3. 
 OPTIONS түймесін басып, Lock channel (Арнаны
құлыптау) пәрменін таңдаңыз. Арналар тізімінде құлыпталған
арна құлыппен 
 белгіленеді.
Арнаның құлпын ашу үшін арналар тізімінен құлыпталған
арнаны таңдап, 
Unlock channel (Арна құлпын
ашу) параметрін таңдаңыз. Бала құлпының кодын енгізу
керек.
Жас шектеуін пайдалану
Балалардың жасына сай емес бағдарламаны көруіне тыйым
салу үшін жас шегін пайдалануыңызға болады.
Кейбір сандық таратушылар бағдарламаларына жас
рейтингтерін қойған. Бағдарламаның жас рейтингі
балаңыздың жасы үшін орнатқан жаспен тең немесе одан
жоғары болса, бағдарлама құлыпталады.
Құлыптанған бағдарламаны көру үшін Балалардан қoрғау
кодын енгізу керек. Ата-ана бақылауының жас шектеуі
барлық арналар үшін орнатылады.
27