Philips AZ790/12 User Manual

Page of 19
3
KK
Құлақаспап пайдаланған кезде төмендегі 
нұсқауларды орындаңыз.
•  Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы 
уақыт аралығында тыңдаңыз.
•  Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен 
дыбыс деңгейін жоғары деңгейге үздіксіз 
реттемеңіз.
•  Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз, 
айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
•  Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият 
болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
•  Құлақаспаптардан немесе 
құлаққаптардан шамадан тыс дыбыс 
қысымы есту қабілетін жоғалтуға себеп 
болуы мүмкін.
Ескерту
 
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін, 
реттеулерді пайдалану немесе техникалық 
қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды 
радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты 
тудыруы мүмкін.
Батареяларды жұтып қою 
қаупі бар
•  Өнімде немесе қашықтан басқару 
құралында жұтылып кетуі мүмкін 
түйме тәрізді батарея болады. Барлық 
жағдайда батареяны балалардан аулақ 
ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея 
ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп 
болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі 
сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу 
қауіпі бар.
•  Батареяны жұтып қойды немесе 
денесінің басқа жеріне кіріп кетті 
деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге 
қаралыңыз.
•  Батареяны ауыстыру кезінде, барлық 
жаңа және ескі батареяларды 
балалардың қолы жетпейтін жерде 
ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін, 
батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын 
тексеріңіз.
•  Егер батарея бөлімін жақсылап жабу 
мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. 
Балалардың қолы жетпейтін жерге 
қойып, өндірушіге хабарласыңыз.