Philips HX8211/02 User Manual

Page of 136
53
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына 
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен 
пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-
бетінде тіркеңіз. 
AirFloss құралын күнделікті ауыз қуысын күтудің бір бөлігі ретінде 
қолданыңыз. Тазалаумен қатар ол тісжегілерді азайтуға көмектеседі.
Маңызды
Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып 
шығыңыз, оны болашақта қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
 
- Зарядтағышты судан алшақ ұстаңыз. Оны суға 
толы ваннаның раковинаның немесе т.с.с. 
жанында яки үстінде қоюға не болмаса сақтауға 
болмайды. Зарядтағышты суға немесе басқа 
сұйықтыққа батыруға болмайды. Тазалағаннан 
кейін, зарядтағышты ток желісіне жалғар алдында 
оның толық құрғағанын тексеріңіз
Абайлаңыз!
 
- Қуат сымын ауыстыруға болмайды. Қуат сымы 
зақымданған болса, зарядтағышты тастаңыз. 
Қауіп-қатер болмау үшін, зарядтағышты түпнұсқа 
зарядтағышпен алмастырыңыз. 
 
- Құрал қандай да бір жолмен зақымдалса  
(AirFloss саптамасы, сабы және/немесе 
зарядтағыш), оны пайдалануды тоқтатыңыз.
ҚАЗАҚША