LG V490 Owner's Manual

Page of 492
118
Switch Access – Пернетақта пернелері сияқты жұмыс істейтін бір 
немесе бірнеше қосқыш арқылы құрылғымен байланысуға мүмкіндік 
береді. Бұл мәзір құрылғымен тікелей байланыстан қорғайтын 
мобильділік шектеулері бар пайдаланушыларға пайдалы болуы мүмкін.
Quick Cover
Бұл мәзірді Quick Cover мүмкіндігін пайдаланып жатқан кезде экранды 
автоматты түрде қосу не өшіру үшін іске қосыңыз.
Басып шығару
Белгілі бір экрандардағы (Chrome ішінде көрсетілетін веб беттер) 
мазмұнды Android құрылғыңыз қосылған Wi-Fi желісіне қосылған принтер 
арқылы басып шығаруға мүмкіндік береді.
Планшет туралы
Бұл мәзір сізге бағдарламалық құралыңыздың жаңартуларын басқаруға 
және планшетіңізге қатысты әр түрлі ақпаратты көруге мүмкіндік береді. 
Планшет атауы – Планшет атын орнатуға мүмкіндік береді. 
Жаңарту орталығы – қолданба және бағдарламалық құрал 
жаңартуларын тексеруге мүмкіндік береді. 
Желі – Планшеттің желі туралы ақпараттарын көруге мүмкіндік береді.
Мәртебе – Планшеттің телефон нөмірін, IMEI және IMEI SV 
ақпараттарын көруге мүмкіндік береді.
Батарея – Батарея күйін, батарея деңгейін және батареяны пайдалану 
туралы ақпаратты көруге мүмкіндік береді.