LG V500 User Guide

Page of 452
68
Суреттер қалтадағы жасалу күні бойынша көрсетіледі. Толық экранда 
көру үшін суретті таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы суретті көру үшін 
солға немесе оңға жылжыңыз.
Ұлғайту және кішірейту
Суретте ұлғайту үшін келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
• Ұлғайту үшін кез келген жерде екі рет түртіңіз. Толық экран көрінісіне 
оралу үшін қайтадан екі рет түртіңіз.
• Екі саусағыңызды суреттің кез келген жеріне қойып, суретті үлкейту 
үшін саусақтарыңызды екі жаққа жылжытыңыз. Суретті кішірейту үшін, 
саусақтарыңызды бір біріне қосыңыз немесе экранды екі рет басыңыз.
Бейнелерді ойнату
Галерея 
бағдарламасын   ашыңыз және альбомды таңдаңыз. Ойнату 
белгішесі 
 бейне файлдарда көрсетіледі. Суретті таңдау үшін, оны 
түртіңіз. Оны ойнататын бағдарламаны таңдаңыз (Photos қолданбасын 
 немесе Бейнелер қолданбасын 
 түртіңіз), сосын 
Әрқашан немесе 
Тек бір рет басыңыз, сол кезде бейне ойнатыла бастайды.
ЕСКЕРТПЕ. 
• Бейне ойнату режимінде болған кезде, экранның ашықтығын 
дұрыстау үшін экранды жоғары-төмен сырғытыңыз. 
• Бейне ойнату режимінде болған кезде, кері ойнату немесе жылдам 
алға өткізу үшін экранды солға-оңға сырғытыңыз.