LG V500 User Guide

Page of 452
81
ЕСКЕРТПЕ. Теледидардың қашықтан басқару пультін қосқан 
кезде, QuickRemote қолданбасы тиісті қашықтан басқару пультін 
конфигурациялауы үшін INPUT түймесін пайдалануы мүмкін. INPUT 
түймесін конфигурациялаған кезде теледидардың кіріс көзі өзгертілуі 
мүмкін. Теледидардың кіріс көзін қалпына келтіру үшін QuickRemote 
қолданбасында INPUT түймесін бірнеше рет басыңыз (теледидарға 
қосылған құрылғылар санына байланысты).
Жылдам қашықтан басқару опциялары
Жылдам қашықтан басқару опциялары мәзіріне қатынасу үшін 
Мәзір 
пернесін 
(Алдыңғы сенсорлы түймелер жолағында) түртіп, қалаған 
опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Фонда музыка ойнап тұрған кезде кез келген 
QuickRemote түймесін басу дыбысты бір секундқа өшіреді.
QuickTranslator
Түсінгіңіз келетін шет тіліндегі сөйлемге жай ғана планшет камерасын 
бағыттаңыз. Нақты уақыт аудармасын кез келген жерде және кез келген 
уақытта алуға болады.
Желіден тыс аударма үшін Google Play Store қызметінен қосымша 
сөздіктер сатып алуға болады.