LG V500 G Pad 8.3 User Guide

Page of 452
67
Галерея
Барлық мультимедиалық файлдарға оңай қол жеткізу үшін 
мультимедиалық файлдарды ішкі жадта сақтауға болады. Бұл 
қолданбаны суреттер және бейнелер сияқты мультимедиалық 
файлдарды көру үшін пайдаланыңыз.
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Қосымшалар қойындысы > 
Галерея   тармағын таңдаңыз.  
Галерея арқылы барлық кескіндер мен бейнелеріңізді реттеуге және 
бөлісуге болады.
ЕСКЕРТПЕ. 
• Құрылғыда орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір 
файл пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
• Кодтау жолына байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы 
мүмкін.
• Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда 
қате орын алуы мүмкін.
Суреттерді көру
Галерея қолданбасын іске қосқанда қол жетімді қалталар көрсетіледі. 
Электрондық пошта сияқты басқа қолданба суретті сақтағанда, суретті 
қамтитын жүктеп алу қалтасы автоматты түрде жасалады. Осы сияқты, 
скриншотты автоматты түрде түсіру Скриншоттар қалтасын жасайды. 
Ашу үшін қалтаны түртіңіз.
Мультимедиа