LG V500 G Pad 8.3 User Guide

Page of 452
87
Тапсырмалар реттегішінің опциялары
• Жеке қолданбаларды тоқтату үшін 
Тоқтату түймесін түртіңіз.
• Ағымдағы жұмыс істеп тұрған барлық қолданбаларды тоқтату үшін 
Барлығын тоқтату түймесін түртіңіз.
• Анықтама, Сұрыптау және Параметрлер мәзіріне қатынасу үшін 
Мәзір 
пернесін 
 түртіңіз.
POLARIS Office 5
Polaris Office 5 — пайдаланушыларға әртүрлі office құжаттарын, соның 
ішінде Word, Excel және PowerPoint файлдарын кез келген жерде 
немесе кез келген уақытта мобильді құрылғылармен ыңғайлы көруге 
мүмкіндік беретін кәсіби мобильді кеңсе шешімі.
Жаңа құжат жасау үшін
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Қосымшалар қойындысы > 
POLARIS Office 5   тармағын түртіңіз.
Тіркеу бетінде электрондық поштаңызды тіркеңіз.
ЕСКЕРТПЕ. Тіркеу туралы ақпаратты өткізіп жіберу үшін Өткізіп 
жіберу түймесін түртуіңізге болады.
Жаңа құжатты бастау үшін   түртіңіз.
Ашылмалы тізімде құжат түрін түртіңіз, одан кейін үлгі таңдаңыз.
Экранның жоғарғы жағындағы құралдар мен экрандық пернетақтаның 
көмегімен құжатқа мазмұн енгізіңіз.
Құжатпен жұмыс істеп болғаннан кейін 
(экранның жоғарғы сол жақ 
бұрышында) түртіңіз, содан кейін 
Сақтау түймесін түртіп құжаттың 
атауын енгізіңіз.