LG V500 G Pad 8.3 User Guide

Page of 452
97
ЕСКЕРТПЕ. тіркелгі деректері қоймасын пайдалану алдында экран 
құлпының PIN кодын немесе құпия сөзін орнату керек.
ҚҰРЫЛЫМ
Дыбыс
Дыбыс пішіні – Дыбыс, Тек діріл немесе Үнсіз параметрін таңдауға 
болады.
Дыбыс деңгейлері – хабарландыру дыбысының, сенсорлы жауаптың 
және жүйенің, музыканың, бейненің, ойындардың және басқа 
мультимедианың дыбыс деңгейін басқарыңыз.
Ескерту дыбыстары – әдепкі хабарландыру дыбысын орнату 
мүмкіндігін береді.
Түрту дыбыстары – түймелерді, белгішелерді және түрту қимылына 
жауап беретін басқа экран элементтерін түрткенде, планшетте дыбыс 
ойнататын етіп орнатуға мүмкіндік береді.
Экранды блоктау дыбысы – планшетті экранды құлыптау және ашу 
кезінде дыбысты ойнататын етіп орнатуға мүмкіндік береді.
Түрткен кездегі діріл – планшеттің экранын түрткенде дірілді орнатуға 
мүмкіндік береді.
Дисплей
Өзіндік бет экраны
Тақырып – Құрылғыңыз үшін экран тақырыбын орнатады. 
Тұсқағаз – Негізгі экранда пайдаланылатын тұсқағазды орнатады. 
Экран әсері – экрандарды ауыстыру үшін жүргізген кездегі әсерді 
орнатады.