LG V500 G Pad 8.3 User Guide

Page of 452
104
Тіл және пернетақта
Тіл және пернетақта параметрлерін планшетіңіздегі тілді таңдау 
және экрандық пернетақтаны, соның ішінде сөздікке қосқан сөздерді 
конфигурациялау үшін пайдаланыңыз.
Сақтық көшірме және қайта орнату
Деректерге резервтік көшірме жасау – Google серверіне параметрлер 
мен қолданба деректерінің сақтық көшірмесін жасау үшін орнатыңыз.
Сақтық көшірме тіркелгісі – Деректердің сақтық көшірмесін жасағыңыз 
келетін тіркелгіні орнатыңыз.
Автоматты түрде қайта орнату – қолданбаларды құрылғыға қайта 
орнатқанда, параметрлерді және қолданба деректерін қалпына келтіру 
үшін орнатыңыз.
LG сақтық көшірме қызметі – Құрылғыдағы барлық ақпараттың сақтық 
көшірмесін жасайды және деректер жоғалған немесе ауыстырылған 
кезде оны қалпына келтіреді.
Зауыттық деректерді қалпына келтіру – Параметрлерді зауыттық 
әдепкі мәндеріне қайтарады және барлық деректерді жояды. Егер 
планшетті осы әдіспен қалпына келтірсеңіз, сізден алғашқы рет Android 
жүйесін қосқанда сұралған ақпаратты қайта енгізуіңізді сұрайды.
ЖҮЙЕ
Күн мен уақыт
Күндер қалай көрсетілетінін орнату үшін 
Күн мен уақыт параметрлері 
тармағын пайдаланыңыз. Сондай-ақ, осы параметрлерді қалталы 
желіден алынған ағымдағы уақыттан басқа өзіңіздің жеке уақытыңызды 
және уақыт белдеуін орнату үшін пайдалануыңыз мүмкін.