LG D295 User Manual

Page of 406
5
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау қауіпті немесе 
заңсыз болуы мүмкін. 
Қате шыққан кезде, құрылғы құрамындағы бағдарламалық құрал қателер журналын 
жинайды. Бұл құрал сигнал күші, кенеттен үзіліп кеткен кездегі ұялы идентификатор 
орны және жүктелген қосымшалар сияқты қатеге қатысты деректерді ғана жинайды. 
Журнал қатенің себебін анықтауға көмектесу үшін ғана пайдаланылады. Бұл 
журналдар шифрланған және құрылғыңызды жөндеуге алып барғаныңызда ғана 
оларды өкілетті LG қызмет көрсету орталығы аша алады.
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы ақпарат. 
Бұл LG-D295 қалта телефон үлгісі радиотолқын әсеріне қатысты қауіпсіздік 
талаптарына сәйкес жасалған. Бұл талаптар жасы мен денсаулық жағдайына 
қарамастан, барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік 
шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға негізделген.
Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) деп 
аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК сынақтары стандартты әдістер бойынша 
барлық пайдаланыстағы жиілік жолақтарындағы ең жоғарғы рұқсат етілген қуат 
деңгейінде телефоннан сигнал жіберу арқылы жүргізіледі.
Әртүрлі LG телефон үлгілерінің МСК деңгейлері арасында айырмашылықтар 
болса да, олардың барлығы радиотолқындар әсері бойынша керекті нұсқауларға 
сәйкес келетін етіп жобаланған.
Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы (ИСҚХК) ұсынған 
SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
Осы телефон үлгісінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың жанында — 
0,846 Вт/кг (10 г), ал денеде тасып жүргенде — 0,809 Вт/кг (10 г).
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар