LG LGD295 User Manual

Page of 406
78
Деректер роумингі – белгілеу үшін түртіңіз. Роумингте жүргенде деректер 
қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
< Wi-Fi >
Wi-Fi – қол жетімді Wi-Fi желілеріне қосылу үшін Wi-Fi функциясын қосады.
КЕҢЕС! MAC мекенжайын алу әдісі
MAC сүзгілері бар кейбір сымсыз желілерде байланыс орнату үшін 
маршрутизаторға телефонның MAC мекенжайын енгізу қажет болуы мүмкін.
MAC мекенжайын мына пайдаланушылық интерфейсінен табуға болады: 
 > 
 > 
Қосымшалар қойындысын > Баптаулар > Желілер қойындысын > Wi-Fi > 
 > 
Қосымша Wi-Fi > MAC адресі опциясын түртіңіз.
< Bluetooth >
Bluetooth функциясын пайдалану үшін Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігін 
қосыңыз немесе өшіріңіз.
< Мобильді деректер >
Деректерді пайдалануды көрсетеді және мобильді деректер шегін орнатады.
< Қоңырау >
Провайдеріңіз ұсынатын қоңырауларды қайта бағыттау сияқты телефон қоңырауы 
баптаулар және басқа арнайы мүмкіндіктерді реттеңіз.
Дауыс поштасы – оператордың дауыстық пошта қызметін таңдауға мүмкіндік 
береді.
Бекітілген теру нөмірлері – қосу және телефоннан қоңырау шалуға болатын 
нөмірлердің тізімін жасау. Бұл үшін оператордан алынатын PIN2 коды қажет болады. 
Телефоннан тек тізімде бекітілген теру нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
Қоңырауды бұру – желі бос емес кезде, жауап болмаған кезде және сигнал 
болмағанда барлық қоңырауларды бұру керектігін таңдаңыз.
Қоңырауға тыйым салу – кіріс, шығыс немесе халықаралық қоңырауларды 
құлыптау.
Қоңырау ұзақтығы – қоңыраулар ұзақтығын, соның ішінде соңғы қоңырауды, 
шалынған қоңырауларды, қабылданған қоңырауларды және барлық қоңырауларды 
көру.
Баптаулар