LG V400 User Manual

Page of 464
29
microSD картасын пішімдеу
Ескерту! Картаны пішімдеген кезде microSD картасында сақталған 
деректердің барлығы жойылады.
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Баптаулар   > Сақтау орны 
тармағын түртіңіз.
SD картаны өшіру түймесін түртіңіз (екі рет).
Құлыпты ашу үлгісін орнатқан болсаңыз, оны енгізіп, 
Барлығын 
өшіру пәрменін түртіңіз. Карта пішімделіп, қолдануға дайын болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер microSD картасында мазмұн бар болса, қалталар 
құрылымы басқа болуы мүмкін, себебі барлық файлдар жойылады.
Экранды құлыптау және құлпын ашу
Планшетті біраз уақыт бойы пайдаланбасаңыз, экран автоматты түрде 
өшеді және құлыпталады. Бұл пернелердің кездейсоқ басылып кетуінен 
сақтайды және батарея қуатын үнемдейді. Планшетті пайдаланбаған 
кезде планшетті құлыптау үшін 
Қуат/Құлып пернесін   басыңыз. 
Егер экранды құлыптағанда қандай да бір қолданбалар қосылған 
болса, олар Құлыптау режимінде әлі қосулы болуы мүмкін. Қажетсіз 
ақы алынбауы үшін (мысалы, интернетке қосылу, дерек байланыстары), 
құлыптау режиміне өтпей тұрып барлық бағдарламалардан шығу керек.