LG V400 User Manual

Page of 464
41
Хабарландырулар тақтасындағы Жылдам параметрлер 
опцияларын қайта реттеу
Хабарландырулар тақтасын ашыңыз, Жылдам параметрлер опциясын 
солға қарай жылжытып, 
 белгішесін түртіңіз. Элементтерді қайта 
реттеу үшін 
 белгішесін қалаған орынға сүйреп апарыңыз. Қосымша 
белгішелер қосу үшін, қалаған функцияларға құсбелгілер қойыңыз.
Хабарландырулар тақтасындағы QSlide қолданбалары
QSlide қолданбалары хабарландырулар тақтасында, Жылдам 
параметрлер жолағының астында көрсетіледі. Бұл белгішелер бір 
экранда бірнеше тапсырма орындаудың жылдам, ыңғайлы жолын 
ұсынады (теледидардағы суреттің ішіндегі суретпен бірдей). QSlide 
экранда жылжытуға, өлшемін өзгертуге және мөлдір қылуға болатын 
кішкентай қолданба терезесін көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Жылдам параметрлер жолағындағы QSlide белгішесін 
түрту арқылы QSlide қолданбаларын жоя аласыз.
QSlide қолданбаларын пайдалану
Белсендіру үшін жолақтағы кез келген QSlide қолданбасын түртіңіз. 
Белсендірілген кезде, QSlide функциясы қолданбаны алдыңғы фонда 
ашып, артқы фонда басқа қолданбаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 
Бір уақытта екі QSlide терезесін ашуға болады.
Күй жолағындағы хабарландыру белгішелері
Төмендегі кестеде тізілген белгішелер ең жиі пайдаланылады.