LG V400 User Manual

Page of 464
58
Хабар хабарландыруы – Телефонға хабар келген кезде планшетке 
ескерту жібереді. Хабарламаның қалқымасы, хабарламаны қарап 
алу, ескерту дыбысы және ескерту дірілі сияқты хабарды да өзгертуге 
болады.
SNS ескертуі – Планшетіңіздің күй жолағында әлеуметтік желі 
хабарландыруы пайда болған кезде, оны көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: осы мүмкіндікті іске қосу үшін QPair әлеуметтік 
желі хабарландырулары опциясын телефонда іске қосыңыз 
(
Баптаулар > Арнайы мүмкіндіктер > QPair әлеуметтік желі 
хабарландырулары). Бұл опция планшетіңізде әлеуметтік желі 
хабарландыруларын көріп отыруыңызға мүмкіндік береді.
QuickMemo+ Беру – Ағымдағы QuickMemo+ жазбасын планшеттің 
галереясында сақтайды, одан кейін галереяны телефондағы галереямен 
синхрондайды. 
Телефон арқылы Интернет – Планшетті интернетке ұялы телефон 
арқылы автоматты түрде қосады (Wi-Fi кіру нүктесі ретінде). Бұл 
функцияны пайдалану үшін төлем алынуы мүмкін. Телефонда 
деректердің қолданысын үнемдеу үшін телефон ауқым ішіндегі кез 
келген сенімді Wi-Fi кіру нүктесіне қосылады.
Соңғы қолданба жапсырмасы – Жұпталған құрылғы экранының құлпы 
ашылған кезде, басқа құрылғыда соңғы рет пайдаланылған қолданба 
дисплейдегі белгіде көрсетіледі (егер сол қолданба планшетте де, 
телефонда да орнатылған болса).
USB кабелімен компьютер байланыстары
Планшетті зарядтау, элементтерді компьютерден планшетке немесе 
керісінше тасымалдау үшін планшетті компьютерге жалғай аласыз.