LG E975 Optimus G User Guide

Page of 306
1
Телефонды жөндеуге апармай және қызмет өкіліне хабарласпай 
тұрып, ақаулықтың осы бөлімде сипатталмағанына көз жеткізіңіз.
1. Телефон жады 
Телефон жадындағы бос орын көлемі 10 %-дан аз болса, 
телефонға жаңа хабарлар келмейді. Қосымша жад босату үшін, 
телефон жадын тексеріп, қолданбалар немесе хабарлар сияқты 
кейбір деректерді жою қажет.
Қолданбаларды жою үшін:
ҚҰРЫЛҒЫ ішінен   > 
Қосымшалар қойындысын > 
Баптаулар > Қосымшалар тармағын түртіңіз.
Барлық қолданбалар көрсетілгенде, жойылатын қолданбаға 
өтіп, оны таңдаңыз.
Жою түймесін түртіңіз.
2. Батареяның қызмет мерзімін оңтайландыру
Фонда үздіксіз қосылып тұруы қажет емес мүмкіндіктерді өшіріп, 
зарядтау уақыты арасында батареяның жұмыс мерзімін ұзартуға 
болады. Қолданбалар мен жүйелік ресурстардың батарея қуатын 
пайдалану тәсілін реттеуге болады. 
Телефон батареясының жұмыс мерзімін ұзарту:
Пайдаланбайтын радио байланыстарын өшіріңіз. Егер Wi-Fi, 
Bluetooth немесе GPS функциясын қолданбасаңыз, оларды 
өшіріңіз.
Маңызды ескерту
Телефонды пайдалануды бастамастан бұрын 
осыны оқыңыз!