LG LG G Pad 8.3 User Guide

Page of 452
75
Bluetooth қосылымы автоматты түрде қосылады.
QPair мүмкіндіктері
Қоңырау хабарландыруы – Телефонға қоңырау шалған кезде 
планшетке ескерту жібереді. Ескертуде қоңырау шалушының нөмірі 
көрсетіледі және қоңырауды қабылдамауға мүмкіндік береді.
Хабар хабарландыруы – Телефонға хабар келген кезде планшетке 
ескерту жібереді.
SNS ескертуі – Телефонға келгенде SNS хабарландыруларын 
планшеттің күй жолағында көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ. Осы мүмкіндікті қосу үшін, алдымен телефонда 
Баптаулар > Қол жетімділік > QPair SNS хабарландырулары 
мәзірін қосыңыз. Бұл мүмкіндік телефонға келген SNS 
хабарландыруларын планшетте ескертуге мүмкіндік береді.
QuickMemo беру – Ағымдағы QuickMemo жазбасын планшеттің 
галереясында сақтайды, одан кейін галереяны телефондағы галереямен 
синхрондайды. 
Телефон арқылы Интернет – Планшетті интернетке ұялы телефон 
арқылы автоматты түрде қосады (Wi-Fi кіру нүктесі ретінде). Бұл 
функцияны пайдалану үшін төлем алынуы мүмкін. Телефонда 
деректердің қолданысын үнемдеу үшін телефон ауқым ішіндегі кез 
келген сенімді Wi-Fi кіру нүктесіне қосылады.
Соңғы қолданба жапсырмасы – Жұпталған құрылғы экранының құлпы 
ашылған кезде, басқа құрылғыда соңғы рет пайдаланылған қолданба 
дисплейдегі белгіде көрсетіледі (егер сол қолданба планшетте де, 
телефонда да орнатылған болса).