LG LG G Pad 8.3 User Guide

Page of 452
96
Қабылданған файлдарды көрсету – Bluetooth арқылы қабылданған 
файлдар тізімін көрсетеді. 
Интерактивті нұсқаулық – Bluetooth функциялары туралы кейбір 
пайдалы оқулықтарды көрсетеді.
Деректер қолдануда
Деректердің пайдаланылуын көрсетеді.
Тағы...
Сымсыз байланыс арқылы қалталарды басқа құрылғылармен бөлісуге 
мүмкіндік береді.
Ұшақ режимі – Орнату үшін Ұшақ режимі құсбелгісін қойыңыз. Ұшақ 
режимін белсендіру барлық сымсыз байланыстарды өшіреді. 
Сымсыз байланыс жады – Планшеттегі файлдарды компьютерде 
басқара аласыз немесе файлдарды планшетке компьютерден USB 
қосылымынсыз көшіре аласыз. Планшет пен компьютердің бір желіге 
қосылғандығына көз жеткізіңіз. 
Одан кейін, планшетте көрсетілген мекенжайларды компьютеріңіздің 
шолғышындағы мекенжай жолағына енгізіңіз.
Miracast – планшеттің экраны мен дыбысын Miracast қорғағыш құралына 
немесе теледидарға сымсыз жолмен береді.
SmartShare Beam – SmartShare Beam LG телефондарынан немесе 
планшеттен мультимедиа мазмұнын алу үшін қосыңыз.
Медиа сервері – жақын маңдағы құрылғыларға DLNA арқылы 
мультимедиа мазмұнын ортақ пайдалануға мүмкіндік береді.
VPN – алдында сіз реттеген Виртуалды жеке желілерді (VPN) көрсетеді. 
Басқа VPN түрлерін қосуға мүмкіндіктер береді.