LG V700 User Guide

Page of 466
5
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
• Құрылғыны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып 
шығыңыз. Бұл құрылғыны қауіпсіз және дұрыс пайдалануды 
қамтамасыз етеді.
• Осы нұсқаулықта берілген кейбір суреттер және скриншоттар 
планшетіңізде басқа болуы мүмкін.
• Мазмұныңыз түпкілікті өнімнен, не болмаса қызмет провайдерлері 
немесе операторлары қамтамасыз еткен бағдарламадан басқаша 
болуы мүмкін, Бұл мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Осы 
нұсқаулықтың соңғы нұсқасын алу үшін LG веб-сайтына кіріңіз: www.
lg.com.
• Құрылғы қолданбалары және олардың функциялары елге, аймаққа 
немесе жабдық спецификацияларына қарай әртүрлі болуы мүмкін. 
LG компаниясы LG компаниясынан басқа провайдерлер әзірлеген 
қолданбаларды пайдалану нәтижесінде болған кез келген өнімділік 
мәселелеріне жауапты болмайды.
• LG компаниясы тізбені өзгерту, баптаулар өзгерту немесе амалдық 
жүйе бағдарламасын өзгерту нәтижесінде болған өнімділік 
немесе үйлесімсіздік мәселелеріне жауапты болмайды. Амалдық 
жүйені реттеудің кез келген әрекеті құрылғының немесе оның 
қолданбаларының тиісті түрде жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
• Құрылғымен бірге қамтамасыз етілген бағдарлама, дыбыс, тұсқағаз, 
суреттер және басқа мультимедиа шектеулі пайдалану үшін 
лицензияланған. Осы материалдарды шығарып алып коммерциялық 
немесе басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз, авторлық құқықтар туралы 
заңдарды бұзып жатқан болуыңыз мүмкін. Пайдаланушы ретінде 
мультимедианы заңсыз пайдалану үшін толығымен жауапты боласыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы