LG V700 User Guide

Page of 466
8
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау 
қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін.
Қате шыққан кезде, құрылғы құрамындағы бағдарламалық құрал қателер 
журналын жинайды. Бұл құрал сигнал күші және жүктелген қолданбалар 
сияқты тек қана қатеге қатысты деректерді жинайды. Журнал қатенің 
себебін анықтауға көмектесу үшін ғана пайдаланылады. Бұл журналдар 
шифрланған және құрылғыңызды жөндеуге алып барғаныңызда ғана 
оларды өкілетті LG қызмет көрсету орталығы аша алады.
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) 
туралы ақпарат.
Бұл LG-V700 үлгілі үстел құрылғысы радиотолқын әсеріне қатысты 
қауіпсіздік талаптарына сәйкес жасалған. Бұл талаптар жасы мен 
денсаулық жағдайына қарамастан, барлық пайдаланушылардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми 
нұсқауларға негізделген.
• Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті 
(МСК) деп аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК сынақтары 
стандартты әдістер бойынша барлық қолданыстағы жиілік 
жолақтарындағы ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейінде құрылғыдан 
сигнал жіберу арқылы жүргізіледі.
• Әртүрлі LG құрылғы үлгілерінің МСК деңгейлері арасында 
айырмашылықтар болса да, олардың барлығы радиотолқындар әсері 
бойынша керекті нұсқауларға сәйкес келетіндей етіп жобаланған. 
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар