LG V700 User Guide

Page of 466
15
• Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі 
сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз. 
Құрылғыны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз, ол батареяның 
жұмысына кері әсер беруі мүмкін.
• Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
• Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші 
нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін 
тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
• Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең 
жақын қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек 
алуға болады.
• Планшет толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын 
болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз.
• Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім 
баптаулар, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған ортаға 
байланысты болады.
• Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың 
батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
Планшетті жаңарту әдістері
Ең соңғы жабдық шығарылымдарына, жаңа бағдарламалық құрал 
функциялары мен жақсартуларына өтіңіз.
• Планшетті компьютерсіз жаңартыңыз: 
Жаңарту орталығы   > БҚ 
жаңартпасы > Жаңартуды қазір тексеру.
• Планшетті компьютерге жалғау арқылы жаңартыңыз.
Бұл функцияны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін  
http://www.lg.com/common/index.jsp торабына кіріп, елді және тілді 
таңдаңыз.