LG V700 User Guide

Page of 466
24
Алдыңғы камера
Өзіңізді суретке немесе бейнеге түсіру үшін 
пайдаланыңыз. Бұны сондай-ақ бейне чат үшін 
пайдалануға болады. Оңтайлы жұмыс істеуі үшін 
оны таза ұстаңыз.
Қуат/құлыптау 
пернесі
Экранды құлыптау/құлпын ашу үшін басыңыз. 
Планшетті қосу/өшіру, оны қайта іске қосу, ұшақ 
режимін қосу/өшіру және дыбыс баптаулар 
өзгерту үшін басып, ұстап тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін 
реттеу пернелері
Мультимедиа дыбыстарын реттеуге мүмкіндік 
береді. QuickMemo+ мүмкіндігін ашу үшін 
түймелерді бір уақытта басып тұрыңыз.
Құлақаспап ұясы
Ыңғайлы, қолсыз сөйлесу үшін қосымша 
құлақаспапты жалғауға мүмкіндік береді. Сондай-
ақ музыка тыңдау үшін құлаққаптарды жалғауға 
болады.
Инфрақызыл 
(IR) LED
QuickRemote бағдарламасының сенсоры ретінде 
пайдаланылады.
MicroSD 
картасының 
ұясы
Музыка, бейнелер және фотосуреттер сияқты 
файлдарды сақтауға арналған microSD картасын 
салыңыз.
Микрофон
Дауысты жазады және ол дауыс арқылы 
белсендірілетін функцияларда пайдалануға 
мүмкіндік береді.