LG V700 User Guide

Page of 466
32
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде планшетте жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
ЕСКЕРТПЕ: 
• Элементті таңдап алу үшін белгішені дәл ортасынан түртіңіз.
• Тым қатты баспаңыз, себебі сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді 
сезетіндей сезімтал.
• Қажетті опцияны түрту үшін, саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа 
түймелерді түртіп қалмаңыз.
Түрту немесе тию
Саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, таңбашаларды 
және экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру
Экрандағы элементті түртіп, әрекет орындалғанша саусағыңызды 
көтермей, түртіңіз және ұстап тұрыңыз. Мысалы, контактінің қол жетімді 
опцияларын ашу үшін мәтінмән мәзірі ашылғанша, Контактілер тізімінде 
контактіні түртіңіз және ұстап тұрыңыз.
Сүйреу
Элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты көтерместен, 
саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда жылжытыңыз. Орнын 
ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді сүйреуге болады.
Негізгі экраныңыз