LG V700 User Guide

Page of 466
33
Жанап өту немесе сырғыту
Жанап өту немесе сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты 
экранда тез жылжытыңыз (осылайша элементті сүйремейсіз). Мысалы, 
экранды жоғары немесе төмен жанап өтіп тізімді айналдыруға я болмаса 
солдан оңға (және керісінше) жанап өту арқылы әр түрлі негізгі экран 
кенептерін шолуға болады.
Екі рет түрту
Веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз. Мысалы, 
экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін сол 
бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз. Кескінді көргенде және карталарды 
пайдаланғанда, үлкейту не кішірейту үшін де екі рет түртуге болады. 
Сөзді белгілеу үшін оны екі рет түртіңіз. Екі рет түрту сондай-ақ 
сенсорлық экранды қосатын немесе өшіретін KnockON функциясын 
белсендіруі мүмкін.
Масштабтау үшін шымшу
Шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ саусағыңыз бен бас 
бармағыңызды пайдаланып, шолғышты немесе Карталарды 
пайдаланғанда немесе суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе 
кішірейтіңіз.
Экранды бұру
Көптеген қолданбалар мен мәзірлерде экранның бағдары құрылғының 
физикалық бағдарына реттеледі.
Өзіндік бет экраны
Панельдерді көру үшін саусағыңызды солға немесе оңға жүргізіңіз. 
Әр тақтаны қосымшалармен, жүктеулермен, виджеттермен және 
тұсқағаздармен реттеуге болады.