LG V700 User Guide

Page of 466
35
Негізгі экранды реттеу
Негізгі экранды қолданбалар, жүктеулер, виджеттер немесе тұсқағаздар 
қосу арқылы реттеуге болады. Планшеттің пайдаланылуын ыңғайлы ету 
үшін негізгі экранға таңдаулы қолданбалар мен виджеттеріңізді қосыңыз.
Негізгі экранға элементтер қосу үшін:
Негізгі экранның бос жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
Қосымшалар немесе Виджеттер қойындысын түртіңіз.
Қалаған элементті қажетті орынға апарып, саусағыңызды көтеріңіз.
Негізгі экраннан элементті жою үшін:
Жойғыңыз келетін белгішені басып, ұстап тұрыңыз және оны   дейін 
апарып, саусағыңызды алыңыз.
КЕҢЕС! Қолданбалар экранынан негізгі экранға қолданба белгішесін 
қосу үшін, қосылатын қосымшаны түртіп ұстап тұрыңыз және қажетті 
орынға сүйреп апарыңыз.
КЕҢЕС! Қалтаға бірнеше қолданба белгішелерін қосуға болады. 
Негізгі экранда бір қолданба белгішесін басқасының үстіне апарыңыз, 
сонда қалта жасалады.
Қолданбаларды ашу, қосу және тоқтату
Жақында пайдаланылған қолданбаларды көрсету үшін 
 түртіңіз. Бір 
уақытта жұмыс істеп тұрған бірнеше қолданбаны сақтап қалуға және 
бірнеше ашық қолданбалар арасында ауысуға болады. Қолданбаларды 
қолдап тоқтатуға да болады.