LG V700 User Guide

Page of 466
41
Хабарландырулар тақтасындағы Quick Setting (Жылдам 
баптаулар) опцияларын қайта реттеу
Хабарландырулар тақтасын ашыңыз, Quick Settings (Жылдам баптаулар) 
опциясын солға қарай жылжытып, 
 белгішесін түртіңіз. Элементтерді 
қайта реттеу үшін 
 белгішесін қалаған орынға сүйреп апарыңыз. 
Қосымша белгішелер қосу үшін, қалаған функцияларға құсбелгілер 
қойыңыз.
Хабарландырулар тақтасындағы QSlide қолданбалары
QSlide қолданбалары хабарландырулар тақтасында, Quick settings 
(Жылдам баптаулар) жолағының астында көрсетіледі. Бұл белгішелер 
бір экранда бірнеше тапсырма орындаудың жылдам, ыңғайлы жолын 
ұсынады (теледидардағы суреттің ішіндегі суретпен бірдей). QSlide 
экранда жылжытуға, өлшемін өзгертуге және мөлдір қылуға болатын 
кішкентай қолданба терезесін көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Quick Settings (Жылдам баптаулар) жолағындағы QSlide 
белгішесін түрту арқылы QSlide қолданбаларын жоя аласыз.
QSlide қолданбаларын пайдалану
Белсендіру үшін жолақтағы кез келген QSlide қолданбасын түртіңіз. 
Белсендірілген кезде, QSlide функциясы қолданбаны алдыңғы фонда 
ашып, артқы фонда басқа қолданбаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 
Бір уақытта екі QSlide терезесін ашуға болады.