LG V700 User Guide

Page of 466
53
Wi-Fi
Wi-Fi арқылы сымсыз кіру нүктесінің (AP) аясында жоғары жылдамдықты 
интернетті пайдалануға болады. Қосымша ақысыз Wi-Fi желісінде 
Интернетті пайдаланыңыз. 
Wi-Fi желілеріне қосылу
Планшеттегі Wi-Fi функциясын пайдалану үшін сымсыз ену нүктесіне 
немесе «кіру нүктесіне» кіруіңіз керек. Кейбір кіру нүктелері ашық және 
оларға оңай қосылуға болады. Басқалары жасырын немесе қауіпсіздік 
мүмкіндіктерін пайдаланады; оларға қосылу үшін планшет баптаулар 
реттеу керек. Батареяның жұмыс мерзімін ұзарту үшін, пайдаланбаған 
кезде Wi-Fi мүмкіндігін өшіріп қойыңыз. 
Wi-Fi қызметін қосу және Wi-Fi желісіне қосылу
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Қосымшалар қойындысын > 
Баптаулар   > Wi-Fi тармағын таңдаңыз.
Wi-Fi функциясын қосу үшін 
 белгішесін түртіңіз, одан кейін қол 
жетімді Wi-Fi желілерін іздей бастаңыз.
Белсенді және ауқымдағы Wi-Fi желілері тізімін көру үшін 
Іздеу 
түймесін түртіңіз.
•  Қауіпсіз желілерде құлып белгішесі тұрады.
Қосылу үшін, желіні түртіңіз.
•  Егер желі қорғалған болса, кілтсөзді немесе басқа мәліметтерді 
енгізу сұралады. (Толығырақ мәліметтерді желі әкімшісінен 
сұраңыз.)
Күй жолағы Wi-Fi күйін көрсететін белгішелерді көрсетеді.
Желілерге және құрылғыларға қосылу