LG V700 User Guide

Page of 466
54
Bluetooth
Көптеген басқа ұялы телефондардағы және планшеттердегі сияқты 
Bluetooth мәзірінен емес, іске қосылған сәйкес қосымша арқылы 
деректерді жіберу үшін Bluetooth мүмкіндігін пайдалануға болады. 
ЕСКЕРТПЕ: 
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе 
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың 
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап 
бермейді.
• Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен 
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар 
арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы 
қысқартылады.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары 
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы 
мүмкін.
Bluetooth қосу және планшетті Bluetooth құрылғысымен 
жұптастыру
Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Қосымшалар қойындысын > 
Баптаулар   > Bluetooth тармағын таңдаңыз.
Bluetooth мүмкіндігін іске қосу үшін 
 қосқышын түртіңіз.
Планшетті басқа Bluetooth құрылғыларына көрінетін ету үшін 
планшеттің атауының қасындағы құсбелгіні түртіңіз.