LG V700 User Guide

Page of 466
59
QPair
Планшет пен ұялы телефонды QPair арқылы жалғаған кезде сіз кіріс 
қоңырауларды, хабарларды және әлеуметтік желі хабарландыруларын 
планшетіңіз бен ұялы телефоныңыздың арасында синхрондай аласыз.
Алдымен планшетіңіздегі 
QPair   функциясын іске қосып, Бастапқы 
орнaту > Бастау тармағын түртіп, телефоныңызда дәл осы 
қадамдарды орындаңыз.
КЕҢЕС! QPair телефоныңызда алдын ала орнатылмаған болуы 
мүмкін. Google Play дүкеніне өтіңіз және Qpair қолданбасын іздеп 
тауып, оны орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: 
• QPair қолданбасы Android 4.1 не одан кейінгі нұсқалары орнатылған 
телефондарда жұмыс істейді. Телефоныңыздың үлгісіне 
байланысты, кейбір мүмкіндіктер шектеулі болуы мүмкін.
• QPair мүмкіндігі Bluetooth функциясын пайдаланатындықтан, QPair 
мүмкіндігін қолданып жатқанда Bluetooth баптаулар өзгертсеңіз, ол 
қалыпты істемеуі мүмкін.
Bluetooth қосылымы автоматты түрде қосылады.