LG V700 User Guide

Page of 466
66
Yahoo!, MSN және AOL сияқты қызметтерден электрондық пошта 
хабарларын оқу үшін электрондық пошта қолданбасын пайдалануға 
болады. Эл. пошта қолданбасы келесі тіркелгі түрлерін қолдайды: POP3, 
IMAP және Exchange.
Қызмет провайдеріңіз немесе жүйелік әкімші қажет тіркелгі баптаулар 
бере алады.
Электрондық пошта есептік жазбасын басқару
Негізгі экрандағы 
Эл. пошта    белгішесін түртіңіз. Бірінші рет Эл. 
пошта қолданбасын ашқанда, электрондық пошта есептік жазбасын 
орнатуға көмектесетін орнату шебері ашылады.
Бастапқы орнатудан кейін, кіріс жәшігінің мазмұндары көрсетіледі. Егер 
бірнеше тіркелгі қосқан болсаңыз, тіркелгілер арасында ауысуға болады.
Басқа электрондық пошта есептік жазбасын қосу:
• 
Эл. пошта қосымшасын ашып, Мәзір белгішесін   > Баптаулар 
Есептік жазба қосу тармағын түртіңіз.
Есептік жазбалар арасында ауысып қосылу:
Егер бірнеше тіркелгі қосқан болсаңыз, олардың арасында оңай ауысуға 
болады. Кез келген электрондық пошта қалтасынан ағымдағы есептік 
жазбаны (экранның жоғарғы жағындағы) түртіп, ашқыңыз келген есептік 
жазбаны түртіңіз.
Эл. пошта