LG V700 User Guide

Page of 466
81
Музыка тыңдап жатқан кезде дыбысты өзгерту үшін планшеттің оң 
жағындағы дыбыс пернелерін басыңыз.
Келесі опцияларды ашу үшін тізімде кез келген әнді түртіп, басып 
тұрыңыз:  
ОйнатуОйнату тізіміне қосуЖою, ЖіберуМәліметтер және Іздеу.
ЕСКЕРТПЕ: 
• Құрылғының бағдарламалық құралына байланысты кейбір файл 
пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
• Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда 
қате орын алуы мүмкін.
• Музыкалық файлдың авторлық құқықтары халықаралық 
келісімдермен және мемлекеттік авторлық құқықтар туралы 
заңдармен қорғалуы мүмкін. Сондықтан, музыканы қайта шығару 
немесе көшіру үшін рұқсат немесе лицензия алу қажет болуы 
мүмкін. Кейбір елдерде мемлекеттік заңдар авторлық құқықпен 
қорғалған материалды жеке пайдалану үшін көшіруге тыйым 
салады. Файлды жүктеу немесе көшіру алдында тиісті елдің мұндай 
материалды пайдалануға қатысты мемлекеттік заңдарын қараңыз.