LG V700 User Guide

Page of 466
88
Орналасу жері баптаулар түртіп, орынды енгізіңіз. Күнді тексеріңіз де, 
оқиға басталуы және аяқталуы керек уақытты енгізіңіз.
Оқиғаға жазба қосқыңыз келсе, 
Сипаттама өрісін түртіңіз де, 
мәліметтерді енгізіңіз.
Дабылды қайталау керек болса, 
ҚАЙТАЛАУ опциясын орнатыңыз 
және қажет болса, 
ЕСКЕ САЛҒЫШТАР опциясын орнатыңыз.
Оқиғаны күнтізбеде сақтау үшін 
Сақтау түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: күнтізбе оқиғасын бір күнге сақтау үшін, сол күнді түртіп 
тұрыңыз. Оқиға атауы мен уақытын енгізіп, 
Сақтау белгішесін түртіңіз. 
Толық ақпарат белгішесін түртіп, қосымша ақпарат енгізуге немесе 
оқиғаны қосымша мәліметтермен кейінірек жаңартуға болады.
Күнтізбе көрінісін өзгерту
Күнтізбе қолданбасының қай жерінде болмаңыз, күнтізбе көріністерін 
оңай ауыстырып қоса аласыз. Күнтізбе көріністерінің тақырып жолының 
жоғарғы сол жағындағы   белгішесін түртіңіз немесе экранның сол 
жағын саусағыңызбен солдан оңға қарай сипаңыз. 
КүнАптаАйЖыл 
немесе 
Күн тәртібі белгішесін түртіңіз.
Тапсырмалар
Бұл тапсырмалар қолданбасын MS Exchange есептік жазбасымен 
синхрондауға болады. Тапсырмаларды планшетті пайдалану арқылы 
немесе MS outlook не MS Office Outlook Web Access бағдарламасынан 
жасауға және басқаруға болады.
Негізгі экраннан 
Қосымшалар   > Тапсырмалар   белгішесін 
түртіңіз.