LG Gpad 8.0 LGV490 blanco Owner's Manual

Page of 492
63
LG Android Platform драйвері компьютерге орнатылмаған болса, 
баптаулар қолмен өзгерту қажет. Баптаулар өзгерту үшін күй жолағына 
жылжып, ағымдағы USB байланыс режимі > 
Медиа құрылғы (MTP) 
опциясын түртіңіз.
Енді компьютердегі мультимедиалық құрылғы мазмұнын көріп, 
файлдарды тасымалдауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютерге жалғау баптаулар өзгерткіңіз келсе, күй 
жолағына жылжып, USB байланыс режимі опциясын таңдаңыз. Бұл 
баптаулар тек USB кабелін планшетке жалғаған кезде күй жолағынан 
көрінеді.
Windows Media Player бағдарламасымен синхрондау
Компьютерде Windows Media Player бағдарламасы орнатылғанына көз 
жеткізіңіз.
Планшетті Windows мультимедиа ойнатқышы орнатылған 
компьютерге қосу үшін USB кабелін пайдаланыңыз.
Медиа құрылғы (MTP) опциясын таңдаңыз.
Қосылғанда компьютерде қалқымалы терезе пайда болады. Музыка 
файлдарын синхрондау үшін Windows Media Player опциясын 
таңдаңыз.
Музыка файлдарын таңдап, синхрондау тізіміне сүйреңіз.