LG Gpad 8.0 LGV490 blanco Owner's Manual

Page of 492
116
ЕСКЕРТПЕ: Таңдау мүмкін болуы үшін қосымша қосылатын 
модульдерді қажет етеді.
TalkBack – Көзі нашар көретін адамдарға ауызша жауап беріп 
көмектесетін TalkBack функциясын орнатуға мүмкіндік береді. Оны қосу 
үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы TalkBack қосқышын 
 
түртіңіз. TalkBack баптаулар реттеу үшін экранның астыңғы жағындағы 
Баптаулар түймесін түртіңіз.
Шрифт өлшемі – Мәтіннің өлшемін үлкейту үшін құсбелгі қойыңыз.
Инвертирование цвета – Экран мен мазмұнның түстерін ауыстыру үшін 
құсбелгі қойыңыз.
Түсті реттеу – Экранды үлкенірек түс контрастымен көру баптаулар 
орнатады. Оны қосу үшін қосқышты 
 түртіңіз. Одан кейін экранды 
түртіп, пайдаланғыңыз келген түс контрасты көрінгенше кез келген 
бағытта экран арқылы сүйреңіз.
Сенсорлы ұлғайту – Экранды үш рет түрту арқылы үлкейту және 
кішірейтуге мүмкіндік береді.
Экрандағы көлеңкелер – Экранның фон жарығын көмескі етеді.
Қол жетімділік таңбашасы – Бұл мүмкіндікті арнайы мүмкіндіктерді екі 
қадам арқылы жылдам іске қосуға мүмкіндік беру үшін іске қосыңыз.
Мәтінді сөзге айналдыру шығысы – қажетті мәтінді сөзге айналдыру 
механизмін және сөйлеу жылдамдығын орнатады. Сондай-ақ сөз 
синтезінің қысқаша көрсетілімін ойнатады. Әдепкі тіл күйі де көрсетіледі.
Аудио түрі – Дыбыс түрін орнатады. Моно немесе Стерео режимін 
таңдаңыз.
Дыбыс балансы – Дыбыс бағытын орнатады. Сырғыту жолағындағы 
орнату үшін сырғытпаны жылжытыңыз.