LG Gpad 8.0 LGV490 blanco Operating Guide

Page of 492
10
• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан 
алшақ жерде ұстаңыз.
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен 
аулақ жерде сақтау керек.
• Түсіріп алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде құрылғыны сөндіріңіз. 
Мысалы, құрылғыны емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол 
медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда, құрылғыны ылғалды қолмен ұстауға болмайды. 
Бұл ток соғуына себеп болып, құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыны тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені 
құрылғы қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш 
немесе спирт қолданбаңыз).
• Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
• Құрылғыны жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
• Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.
• Құрылғыны кредит картасы немесе көлік билеттері жанында 
ұстамаңыз, ол магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
• Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, өйткені бұл құрылғыны 
зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғалды жерге 
қоймаңыз.
• Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап пайдаланыңыз.