LG LG G Pad 8.0 4G Owner's Manual

Page of 492
9
• Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы 
(ИСҚХК) ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам ұлпада 
2 Вт/кг.
• Бұл құрылғының денеге жақын ұсталған кездегі ең жоғары МСК мәні 
осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей, 1,420 Вт/кг болады.
• Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе 
киімнен кем дегенде 0,00 см қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері 
бойынша керекті нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе 
ұстағыш ретінде денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау 
керек және өнімді киімнен кемінде 0,00 см қашықтықта ұстау керек. 
Деректер файлдарын тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі 
байланысын қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын 
тасымалдау осындай байланыс қол жетімді болмайынша кешігуі 
мүмкін. Тасымалдау аяқталмайынша, жоғарыда айтылған ара 
қашықтық туралы нұсқаулықтары орындалатынын тексеріңіз.
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
 
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек осы құрылғы үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, 
зарядтағышты және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа 
түрлерін пайдалану құрылғы мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз 
етуі және қауіпті болуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет 
болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
• Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен 
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен 
ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы 
ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар