LG LG G Pad 8.0 4G Owner's Manual

Page of 492
61
Алдымен планшетіңіздегі 
QPair   функциясын іске қосып, Бастапқы 
орнату > Бастау тармағын түртіп, телефоныңызда дәл осы 
қадамдарды орындаңыз.
КЕҢЕС! QPair телефоныңызда алдын ала орнатылмаған болуы 
мүмкін. Google Play дүкеніне өтіңіз және Qpair қолданбасын іздеп 
тауып, оны орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: 
• QPair қолданбасы Android 4.1 не одан кейінгі нұсқалары орнатылған 
телефондарда жұмыс істейді. Телефоныңыздың үлгісіне 
байланысты, кейбір мүмкіндіктер шектеулі болуы мүмкін.
• QPair мүмкіндігі Bluetooth функциясын пайдаланатындықтан, QPair 
мүмкіндігін қолданып жатқанда Bluetooth баптаулар өзгертсеңіз, ол 
қалыпты істемеуі мүмкін.
Bluetooth қосылымы автоматты түрде қосылады.
QPair мүмкіндіктері
Қоңырау хабарландыруы – Телефонға қоңырау шалған кезде 
планшетке ескерту жібереді. Ескертуде қоңырау шалушының нөмірі 
көрсетіледі және қоңырауды қабылдауға не қабылдамауға мүмкіндік 
береді. Сондай-ақ рингтон, рингтонның дыбыс деңгейі, дірілді рингтон 
сияқты қоңырау баптаулар өзгертуге немесе қоңырау қабылдағанда бас 
тарту хабарламасын жіберуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Bluetooth технологиясында қолданылатын қоңырауды 
ғана қабылдауға болады. QPair мүмкіндігі арқылы планшеттен 
қоңырау соғуға болмайды.