LG LG G Pad 8.0 4G Operating Guide

Page of 492
110
Шрифт түрі – дисплей шрифтінің түрін өзгерту. 
Шрифт өлшемі – дисплей қарпінің өлшемін өзгерту. 
Зерделі экран – Құрылғы көздеріңіз экранға қарап тұрғанын анықтаса, 
экранды қосулы сақтайды. 
Негізгі сенсорлы түймешіктер – Негізгі сенсорлы түймелердің және 
жолақтағы олардың орнын көрсету баптаулар орнатуға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, сіз түсті және артқы фонды таңдай аласыз.
Қозғалыс сенсорын мөлшерлеу – сенсордың еңкейту және 
жылдамдық дәлдігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Сақтау орны
ІШКІ САҚТАУ ОРНЫ – Құрылғының жадындағы орынның жалпы 
көлемін көрсетеді және деректердің қандай түрі көп орын алатындығын 
көрсетеді.
SD КАРТАСЫ – microSD картасындағы жадтың жалпы көлемін 
көрсетеді. 
SD картасын салыңыз/шығару – microSD картасын планшетіңізге 
қосады және одан босатады, осылайша оның ішінде сақталған 
деректерге қатынасуға, картаны пішімдеуге немесе қауіпсіз шығаруға 
болады. Ешбір microSD картасы орнатылмаған болса, оны әлдеқашан 
босатқан болсаңыз немесе microSD картасын компьютеріңізге 
жалғаған болсаңыз, бұл баптаулар қатынассыз болады.
SD картаны өшіру – microSD картасындағы деректердің барлығын 
біржола жояды және оны планшетпен пайдалануға дайындайды.
Батарея
БАТАРЕЯ АҚПАРАТЫ – Құрылғының әрекеттері үшін жұмсалған 
батарея қуатын көріңіз. Батарея деңгейі пайыздық мөлшермен 
көрсетіледі.