LG LG Wine Smart (H410) User Guide

Page of 352
Баптаулар
64
коды қажет болады. Іске қосылса, телефоннан тек тізімде бекітілген 
теру нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
Қоңырауды ажырату
Қоңырауды қабылдамау функциясын орнатуға мүмкіндік береді.
Хабармен бірге қабылдамау
Қоңырауды қабылдамау қажет кезде осы функция арқылы жылдам 
хабар жіберуге болады. Бұл жиналыс кезінде қоңырауды қабылдамау 
керек болған жағдайда пайдалы.
Қоңырауға жауап
Қоңырауға жауап беру үшін осы әдісті таңдаңыз.
Қоңырауды бұру
Қоңыраулар бағытын өзгерткенде таңдауға мүмкіндік береді.
Автоматты жауапшы
Қосылған хэндсфри құрылғысы кіріс қоңырауына автоматты түрде 
жауап берместен бұрынғы уақытты орнатыңыз.
Қосылым дірілі
Екінші тарап қоңырауға жауап бергенде телефонды дірілдетеді.
Белгісіз нөмірлерді сақтау
Белгісіз нөмірлерді қоңыраудан кейін контактілерге қосуға мүмкіндік 
береді.
Қоңырауға тыйым салу
Кіріс, шығыс немесе халықаралық қоңырауларды құлыптайды.
Қоңырау ұзақтығы
Әр түрлі қоңыраулардың байланыс ұзақтығын көруге мүмкіндік береді.
Қосымша баптаулар
Қосымша қоңырау параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.