LG LG G Pad User Guide

Page of 452
21
Планшетті өшіріңіз.
Планшеттің оң жақ бүйіріндегі 
қуат/құлып пернесін + дыбыс деңгейі 
пернесін басып тұрыңыз.
LG логотипі көрсетілгенде 
тек қуат/құлып пернесін жіберіңіз, ал 
дыбыс деңгейі пернесін басып тұра беріңіз.
Дыбыс деңгейі пернесін басып тұрып, бірден қуат/құлып пернесі + 
дыбыс деңгейі пернесін бір уақытта басып тұрыңыз.
Жабдықтың зауыттық параметрлерін қалпына келтіру экраны 
көрсетілгенде барлық пернені жіберіңіз.
Жалғастыру үшін 
қуат/құлып пернесін немесе бас тарту үшін дыбыс 
деңгейі пернелерін басыңыз.
Растау үшін 
қуат/құлып пернесін тағы бір рет немесе бас тарту үшін 
дыбыс деңгейі пернелерін басыңыз.
Құрылғы жабдықты қалпына келтіру әрекетін орындайды.
 
АБАЙЛАҢЫЗ
Жабдықты қалпына келтіруді орындасаңыз, барлық пайдаланушы 
қолданбалары, пайдаланушы деректері және DRM лицензиялары 
жойылады. Жабдықты қалпына келтіру әрекетін орындамас бұрын, 
маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұмытпаңыз.
5.  Бағдарламаларды ашу және ауыстырып қосу
Көп тапсырмаларды орындау Android жүйесінде оңай, бір уақытта 
бірнеше қосымшамен жұмыс істеуге болады. Басқа қолданбаны ашу 
үшін ашық тұрғанды жабудың қажеті жоқ.