LG LG G Pad User Guide

Page of 452
42
Бір жаққа сырғыту
Орындалып жатқан қолданбаларды сол жақта сақтау немесе оларды 
дисплейге қайтару үшін үш саусақпен жүргізуді пайдаланыңыз. Кейбір 
қолданбалар қайтарылған кезде қайта іске қосылуы мүмкін. Үш 
қолданбаға дейін сақтауға болады.
Қолданба ашық болған кезде, экранға 
үш саусақты қойып, солға қарай 
сырғытыңыз. Ағымдағы экран сақталады 
және Негізгі экран пайда болады.
Сақталған қолданбаларды қайта ашу 
үшін үш саусағыңызды экранға қойып, 
оңға қарай сырғытыңыз. Ашқыңыз 
келетін кез келген қолданбаны түртіңіз.
Кеңес! Бір жаққа сырғыту функциясы көп саусақтарды, қосымша 
саусақтарды немесе алақаныңызды қабылдамайды.
Plug & Pop
Plug & Pop құлаққапты немесе тінтуір не пернетақта сияқты қосымша 
құрылғыны жалғаған кезде пайдаланылатын қолданбаларды жылдам 
таңдауға мүмкіндік береді.