LG LG G Pad User Guide

Page of 452
62
Ауыстыру – фотосуретті басқа орынға жылжыту үшін түртіңіз.
Көшіру – таңдалған фотосуретті көшіру және басқа альбомда сақтау 
үшін түртіңіз.
Клип науасына көшіру – фотосуретті көшіру және буферге сақтау үшін 
түртіңіз.
Өзгерту – таңдалған фотосуреттің атын өзгерту үшін түртіңіз.
Солға/Оңға бұру – солға немесе оңға бұрыңыз.
Шар тәрізді – фотосуретті қиып алу. Қиып алынатын аймақты таңдау 
үшін саусағыңызды экран үстімен жылжытыңыз.
Түзету – суретті көріңіз және өзгертіңіз.
Слайд шоу – ағымдағы қалтадағы суреттерді бірінен кейін бірін 
автоматты түрде көрсетеді.
Орынды қосу – орын туралы ақпаратты қосу үшін.
Деректер – мазмұн туралы қосымша ақпарат алыңыз.
Сақталған суреттерді көру
Камера режимінде болғанда сақталған фотосуреттерге қол жеткізуге 
болады. Экранның астындағы кескіннің алдын ала көрсетілген көрінісін 
түртіңіз, сонда галереяңыз көрсетіледі.
Фотосуреттерді көру және/немесе өңдеу үшін пайдаланылатын 
қолданбаны таңдаңыз. 
Галерея немесе Photos белгішесін түртіңіз.
Әрқашан немесе Тек бір рет опциясын түртіңіз.
• Қосымша суреттерді көру үшін солға немесе оңға жылжыңыз.
• Үлкейту немесе кішірейту үшін, экранды екі рет түртіңіз немесе екі 
саусақты қойып, арасын ашыңыз (кішірейту үшін, саусақтардың 
арасын қосыңыз).