LG G Pad 8.3 - LG V500 User Guide

Page of 452
29
microSD картасын шығарып алу
microSD картасын планшеттен қауіпсіз шығару үшін оны алдымен босату 
қажет.
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Баптаулар   > Сақтау орны > 
SD картасын шығару тармағын түртіңіз.
microSD картасын науадан ақырындап тартып алыңыз.
Ескерту! microSD картасын алдымен босатып алмай шығармаңыз. 
Әйтпесе, планшет пен microSD картасы зақымдалуы мүмкін және 
microSD картасында сақталған деректер бүлінуі мүмкін.
microSD картасын пішімдеу
Ескерту! Картаны пішімдеген кезде microSD картасында сақталған 
деректердің барлығы жойылады.
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Баптаулар   > Сақтау орны 
тармағын түртіңіз.
SD картаны өшіру түймесін түртіңіз (екі рет).
Құлыпты ашу үлгісін орнатқан болсаңыз, оны енгізіп, 
Барлығын 
өшіру пәрменін түртіңіз. Карта пішімделіп, қолдануға дайын болады.
ЕСКЕРТПЕ. Егер microSD картасында мазмұн бар болса, қалталар 
құрылымы басқа болуы мүмкін, себебі барлық файлдар жойылады.