LG G Pad 8.0 4G - LG V490 Operating Guide

Page of 492
104
КЕҢЕС! MAC мекенжайын алу әдісі
MAC сүзгілері бар кейбір сымсыз желілерде байланыс орнату үшін 
маршрутизаторға планшеттің MAC мекенжайын енгізу қажет болуы 
мүмкін.
MAC мекенжайын мына пайдаланушы интерфейсінен таба аласыз: 
Негізгі экраннан 
Қосымшалар   > Баптаулар   > Wi-Fi > Мәзір 
белгішесін   > Қосымша Wi-Fi > MAC адресі опциясын түртіңіз.
Bluetooth
Bluetooth функциясын пайдалану үшін Bluetooth сымсыз байланыс 
мүмкіндігін қосыңыз немесе өшіріңіз. Bluetooth мүмкіндігін іске қосу басқа 
Bluetooth құрылғыларымен жұптасуға және оларға қосылуға мүмкіндік 
береді.
Төмендегі опцияларды ашу үшін 
Мәзір белгішесін   Bluetooth 
мәзірінде түртіңіз.
Планшет атауын өңдеу – Жұптау және қосылу барысында оңай 
анықтау үшін планшетіңіздің атын өзгертеді. Планшетіңіздің жаңа атын 
енгізіп, 
Сақтау белгішесін түртіңіз.
Көріну уақыты өтті – басқа Bluetooth құрылғылары планшетіңізді 
жұптасу және қосылу үшін көре алатын уақыт мөлшерін орнатады. 
2 минут5 минут1 сағат және Уақыты ешқашан бітпеу опцияларын 
таңдай аласыз.
Файл қабылданды – Bluetooth арқылы қабылданған файлдар тізімін 
көрсетеді.
Интерактивті нұсқаулық – Bluetooth функциялары туралы кейбір 
пайдалы оқулықтарды көрсетеді.