LG LG G Pad 7.0 V400 User Manual

Page of 464
59
Мультимедиалық құрылғы (MTP) режимін пайдаланып 
музыканы, фотосуреттерді және бейнелерді тасымалдау
Планшетті USB кабелі арқылы компьютерге жалғаңыз.
LG Android Platform драйвері компьютерге орнатылмаған болса, 
параметрлерді қолмен өзгерту қажет. Параметрлерді өзгерту үшін 
күй жолағына жылжып, ағымдағы USB байланыс режимі > 
Медиа 
құрылғы (MTP) опциясын түртіңіз.
Енді компьютердегі мультимедиалық құрылғы мазмұнын көріп, 
файлдарды тасымалдауға болады.
Ескертпе. Егер компьютерге жалғау параметрлерін өзгерткіңіз келсе, 
күй жолағына жылжып, USB байланыс режимі опциясын таңдаңыз. 
Бұл параметр тек USB кабелін планшетке жалғаған кезде күй 
жолағынан көрінеді.
Windows Media Player бағдарламасымен синхрондау
Компьютерде Windows Media Player бағдарламасы орнатылғанына көз 
жеткізіңіз.
Планшетті Windows мультимедиа ойнатқышы орнатылған 
компьютерге қосу үшін USB кабелін пайдаланыңыз.
Медиа құрылғы (MTP) опциясын таңдаңыз.
Қосылғанда компьютерде қалқымалы терезе пайда болады. Музыка 
файлдарын синхрондау үшін Windows Media Player опциясын 
таңдаңыз.
Қалқымалы терезеде құрылғы атауын өңдеңіз немесе енгізіңіз 
(қажет болса).
Музыка файлдарын таңдап, синхрондау тізіміне сүйреңіз.