LG LG G Pad 7.0 V400 User Manual

Page of 464
103
Сақтау орны
ІШКІ САҚТАУ ОРНЫ – Құрылғының жадындағы орынның жалпы 
көлемін көрсетеді және деректердің қандай түрі көп орын алатындығын 
көрсетеді.
SD КАРТАСЫ – microSD картасындағы жадтың жалпы көлемін 
көрсетеді. 
SD картасын салыңыз/шығару – microSD картасын планшетіңізге 
қосады және одан босатады, осылайша оның ішінде сақталған 
деректерге қатынасуға, картаны пішімдеуге немесе қауіпсіз шығаруға 
болады. Ешбір microSD картасы орнатылмаған болса, оны әлдеқашан 
босатқан болсаңыз немесе microSD картасын компьютеріңізге 
жалғаған болсаңыз, бұл параметр қатынассыз болады.
SD картаны өшіру – microSD картасындағы деректердің барлығын 
біржола жояды және оны планшетпен пайдалануға дайындайды.
Батарея
БАТАРЕЯ АҚПАРАТЫ – Құрылғының әрекеттері үшін жұмсалған 
батарея қуатын көріңіз. Батарея деңгейі пайыздық мөлшермен 
көрсетіледі. Қалған пайдалану уақыты да көрсетіледі. 
Күй жолағындағы батарея қуатының пайызы – Күй жолағында 
батареяның пайыздық мөлшерін көрсетеді. 
Батарея сақтаушы – Қуат үнемдеу элементтері үшін батареяны 
реттейді. Функциясы қосу үшін 
 қосқышын түртіңіз. Келесі опциялар 
үшін 
Батарея сақтаушы тармағын түртіңіз. 
• 
Батарея сақтаушыны қосу: Батарея үнемдегіш қосылатын 
батарея деңгейін орнатыңыз.
• 
Автосинхрондау: Авто синхрондауды өшіреді. 
• 
Wi-Fi: Деректер пайдаланылмаған кезде Wi-Fi өшіреді.