LG LG G Pad 7.0 V400 User Manual

Page of 464
106
СОҢҒЫ ОРНАЛАСҚАН ЖЕР АҚПАРАТЫН СҰРАУ – Сіздің орналасқан 
жеріңіз туралы жақында сұраған қолданбаларды көрсетеді.
Камера – Құрылғыға фотосуреттерді және бейнелерді олардың 
орналасқан жерлерімен белгілеуге мүмкіндік береді.
Анти-мерцание – камерамен қарап алу экранының жыпылықтауына 
жол бермеу үшін жиілігін реттеуге мүмкіндік береді.
Google Location Reporting – Google орынды анықтау параметрлерін 
көруге мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік
Планшетті шифрлау – Қауіпсіздік мақсатында планшеттегі деректерді 
шифрлауға мүмкіндік береді. Планшетті іске қосқан сайын оның шифрін 
ашу үшін PIN немесе құпия сөзді енгізуіңіз қажет болады.
SD карта сақтау орнын шифрлау. – Қауіпсіздік мақсатында MicroSD 
картасындағы деректерді шифрлауға мүмкіндік береді. 
Құпия сөзді көрсетіп теру – терген кезде жасырын кілтсөздің соңғы 
таңбасын көрсетеді.
Құрал басқарушылар – Планшет әкімшілерін көріңіз немесе 
ажыратыңыз.
Белгісіз көздер – Play Store қызметінен басқа қызметтерден 
қолданбаларды орнатуға мүмкіндік береді.
Қолданбаларды растау – Зиян тигізуі мүмкін қолданбаларды орнатуға 
рұқсат бермеңіз немесе ескерту жасаңыз.
Ескерту – жүйеден немесе орнатылған қосымшалардан жіберілген 
барлық ескертулерді оқу үшін ескертулер алуға мүмкіндік береді.
Сақтау орнының түрі – Сертификаттар үшін сақтау орынның түрін 
көрсетеді.